Қымбатты жерлестер ! Тың табыстарға жету – елдің ұйымшылдығына, өз-ара татулығы мен сыйластығына байланысты. Сондықтан да, береке-бірлігіміз нығая берсін.Наурыз мейрамы әр шаныраққа ырыс пен молшылық, бақыт пен игілік әкелсін ! Жаңа жыл, Наурыз мейрамы қазақ елі үшін бейбітшілік пен табыс жылы болсын !
Құрметті жерлестер! Сіздерді Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Мереке баршамызға бақыт, құт-береке, қуаныш әкелсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, ырысы көп, табысы толағай, құтты да берекелі жыл болсын!
Құттықтаған Балзат, выпуск-1984
Наурыз
Наурыз - мұз бенен қар еріген күн, Наурыз - жер аяғы кеңіген күн. Сағынып ала қыстай бірін-бірі, Арызы ағайынның кеміген күн!
Наурыз - күн менен түн теңескен ай, Наурыз - жылы көктем желі ескен ай. Көрісіп, мейрам қылып, ағайындар, Алдағы шаруасын кеңескен ай!
Наурыз - шат адамдар, жылы жүздер, Тойлаңдар, ойнаңыздар, күліңіздер. Шуағын осы күннің бойға жинап, Жыл бойы мейіріммен жүріңіздер!!!
Наурыз мерекесіне арналған Айбек Қалмағанбетовтың өлеңін қабыл алыңыздар Балзат Кенженова