Наурыз құтты
болсын!!! Барлықтарыңызға жақсы көңіл-күй, ашық аспан!Өмірлеріңізде куантатын сәттер көп болсын!!!
Наурыз – жыл
басы. Бұл мейрам шығыс елдерінде мұсылмандықты қабылдамай тұрған кезде пайда
болғандықтан діндік рәсімдер мен бағыттарды ұстанбайды. Шығыс күнтізбесі
бойынша Наурыз – жаңа жылдың бірінші күні болып саналады, бұл күн - күн мен
түннің теңесу күні.Қазақтар үшін
бұл мейрам – көтемгі жаңарудың, махаббаттың, құнарлықтың және достықтың белгісі
ретінде атап өтіледі. Ертеректе адамдар Наурыз келмей тұрып үйлерін және
мал-жайын қалыпқа келтіріп, мейрамға орай ағаш отырғызып, гүл еккен. Егер
Наурыз келген үй таза болып, үй иесі жақсы адам болса, сол үй ауру-сырқау,
сәтсіздік, ауыртпалықтардан тазарады деп саналған.
Наурызды
“Ұлыстың Ұлы күні” деп те атайды. Бұл мейрамды берекелі етіп тойласа үйге ырыс
пен бақ келеді деп сенген.Мейрам күні қазақтар әдемі киімдерін киіп, бір-бірлеріне қонаққа барады, келер
жыл ырысты болсын деп жақсы тілектер айтады.
Тойлау барша
қауымдық сауық-сайранмен, ойындармен, ат жарысымен және т.б. көңіл көтерушілікпен
жалғасады. Ең басты салттық тағам наурыз-көже болып саналады. Наурыз-көже 7
түрлі тағамнан жасалуы тиіс. Бұл өмір сүру үшін маңызды 7 белгіні: су, ет, тұз,
май, ұн, дәндер (күріш, жүгері немесе арпа) және сүтті білдіреді. Қазақтар үшін
7 саны – қасиетті сандардың бірі.
Наурыз
бүкілхалықтық болып Қазақстанда 1926 жылдан бастап 1988 жылға дейін
тойланбаған. 2001 жылдан бері Наурыз мемлекеттік мейрам ретінде жарияланған.
Сондықтан 22 наурыз – жұмыс істемейтін күн. Биыл Наурыз мерекесін тойлау 3 күнге созылады.