Понедельник, 18.06.2018, 04:27
ЖГПИ им.Ив. Франко. Выпуск-1984
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 77
Главная » 2009 » Март » 20 » Наурыз
Наурыз
16:12
НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
22-ші Наурыз – шығыс халықтарының ежелден келе жатқан мейрамы. Ол ерте заманнан бері табиғат қыстан шығып, көктемге өткен кезде, жер ана жайнап, дала көк шөп пен гүлге малынып, жан-жануарлар түрленіп, төлдеп жатқанда кең тойланатын Жаңа жыл мерекесі. Бұл мереке кезінде адамдар бір-бірімен көрісіп, «ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа» деп, «ұлыс оң болсын, ақ мол болсын» деп тілектер айтады. Жақын адамдар, дос-жолдастар бір-бірінің үйлеріне барып көріседі. Наурызда арнайы Наурыз көже 7 түрлі дәмнен дайындалады, одан үй-іші, көрісіп келушілер ауыз тиеді.
Наурыз кезінде ренжісіп қалған адамдар бұрынғы реніштерін ұмытып, қайтадан табысады. Бұл күні барлық реніш, өкпе ұмытылып кешірілуі тиіс.
Наурыз мейрамы кейінгі жылдары біздің Қазақстанда, барлық облыстарда кеңінен тойланып үлкен ерекшелікпен аталып өтіледі. Әр елді мекенде көптеген жерде арнайы ұлттық нәшінде безендірілген киіз үйлер тігіліп, адамдар ұлттық киім киіп шығады. Арнайы құрылған алаңдарда әншілер мен бишілердің, шығармашылық ұжымдардың концерттері, театрлық қөріністер қойылады. Орталықта наурыз айтыс өтеді. Тағы сол сияқты көптеген шаралар ұйымдастырылады. Осы мейрамға барлығымыз түгелдей қатысып, кеңінен осы мейрамды тойлайық ағайын!
Сізді алдымызда келе жатқан Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Келген жылдың жақсылығы көп болсын, әр үйге бақ-береке, амандық пен табыс әкеліп, баянды болуды тілеймін! Қазақ елінде бейбітшілік пен молшылық болсын, Жаңа жыл халыққа көл-көсір қуаныш пен бақыт әкелсін, қазақ тілінің мәртебесі арта берсін!
Сізге шын жүректен, Болат Жұмаділдаұлы, 2009 жыл.
Просмотров: 1593 | Добавил: bolat-kakhaev | Рейтинг: 5.0/2 |
Всего комментариев: 4
4  
Наурыз мерекесі кутты болсын! Жана жыл жана бакыт, табыс акелсін, берекелі жыл болсын. Павлодардан Салем!

3  
Болат, Yлкен рахмет саган. Наурыз кYнiмен сенiнде кYттыктаймын.

2  
Болат, салем! Молодец, представитель от Кзылорды очень хорошо работает. Весьма нужная и интересная информация! Так держать!!! smile

1  
Өте жақсы және көлемді ақпарат екен. Наурыз мейрамының тарихын білмейтіндерге жақсы мәліметтер. Рахмет, Болат! Бүгін Бақытжан келіп кетті. Ол жұмыстарымен облыс білім басқармасына келіпті, маған кіріп шықты. Жарты сағаттай әңгімелестік. Украинаны еске алдық. Жақсы болды.

Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Календарь новостей
«  Март 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Copyright MyCorp © 2018Сделать бесплатный сайт с uCoz